Елорда күніне орай Шымкентте оралмандарға арналған баспаналар пайдалануға берілді

КЕНТ. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте «Асар» шағынауданында Астана күніне орай оралмандарға арналған  69 үй пайдалануға берілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тарихи отанына келушілерді  тұрғын үймен қамтамасыз ету жобасын «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ жүзеге асыруда. Ал құрылыс жұмыстарын «Ақ ордасы» Корпорациясы» ЖШС бас мердігерлік ұйымдары орындап отыр.

Тұрғын үйдің іргетасы 2009 жылғы сәуірдің 7-сінде қаланған еді. «Асар» шағынауданындағы  «Нұрлы көш»  бағдарламасы жобасы ауқымында биылғы жылы 575 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.  Бүгін міне, Қазақстан Республикасына түпкілікті тұруға көшіп келген жобаға қатысушы 69 оралман  қос мерекені:  өздерінің қоныс тойларын және Астана күнін қатар тойлауда.

Жалпы «Асар» шағынауданындағы «Нұрлы көш» бағдарламасы жобасы  3 жылға арналған, осы мерзім ішінде шағынауданның бас жоспарында көрсетілген 1 725 тұрғын үй мен әлеуметтік маңыздағы нысандар  салу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар