20:32, 15 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Елорда мектептерінде Достық сабағы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы аясында 18 қыркүйекте сағат 12:00 № 4 және № 8 балалар кітапханасының қызметкерлері «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» атты достық сабағын ұйымдастырады. Аталмыш шара Қ. Сәтбаев көшесінде орналасқан № 4 балалар кітапханасында өтеді. Шараға № 28 орта мектептің 6-7 сынып оқушылары қатысады, деп хабарлады astana.gov.kz.

Сабақтың мақсаты балаларды отансүйгіштікк е тәрбиелеу, бірлікке, ел тарихын зерттеуге, елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің мәдениетімен танысуға шақыру болып табылады. Сабақ барысында Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері туралы және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы маңыздылығы жайлы айтылады. Сабаққа еврей мәдени орталығы төрағасының орынбасары қатысып, оқушыларға еврей халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін таныстырады. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлерімен «Біздің күшіміз - бірлікте!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Қонақтарға Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері, олардың салт-дәстүрлері жайлы кітап, газет-журнал басылымдары ұсынылады.