Елорда мектептерінде ауа райының нашарлауына байланысты сабақтар қысқартылды
АСТАНА. KAZINFORM – Елорда мектептерінде 6 қараша күні желдің күшеюіне байланысты сабақтардың ұзақтығы қысқарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
«6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты (желдің жылдамдығы 30 м/с дейін артады) екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқарады. Сынып жетекшілері ата-аналарға оқушылардың тек ересектермен жіберілетіні туралы айту қажет», - деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.
Желдің күшеюіне байланысты елордалық құтқарушылар азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 6-7 қарашада Астанада қатты жел соғады. Синоптиктер оңтүстік-батыстан 23-28 м/с, кейде 30 м/с дейін жел соғады деп болжайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қаласы ТЖД ауа райының қолайсыздығына байланысты жазатайым оқиға болмас үшін елорда тұрғындары мен қала қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырғанын жазаған едік.