Елорда мектептерінде бетперде тағу режимі енгізілген жоқ

АСТАНА. KAZINFORM – Елорда мектептерінде бетперде тағу режимі енгізілген жоқ. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасынан мәлім етті.

школа первый класс учитель мектеп бірінші сынып мұғалім
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

- Қаладағы білім беру ұйымдарында оқу процесі штаттық режимде жүріп жатыр. Бетперде тағу режимі енгізілген жоқ. Мектеп ішінде кабинеттік оқыту жүйесі сақталып, ауқымды іс-шаралар өткізуге уақытша тыйым салынады, - деп атап өтті басқармадан.

Айта кетейік, 11 қараша күні Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов кейбір ірі қалалардағы инфекциялық стационарларға науқастардың көптеп келіп жатқанын растады.

Ал Павлодарда балалар арасында вирусты инфекция өршіп, аурухана науқастарға толып қалды.

 

Соңғы жаңалықтар