06:26, 23 Қаңтар 2020 | GMT +5
Елорда мен Ақмола облысындағы мектептерде сабақ болмайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда мен Ақмола облысындағы мектептерде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптарда және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды», делінген елорда білім басқармасының хабарламасында.
Сондай-ақ, қатты желдің болуына байланысты Ақмола облысында бастауыш сынып оқушылары үшін де сабақ тоқтатылды. Бұл туралы білім басқармасы таратқан хабарламада айтылған.
Еске салсақ, кеше елордада екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмаған еді.