Елорда өркениет көлемінде алар орны ерекше екенін таныта білді - Мемлекет басшысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Астана еліміздің нышаны, береке-бірліктің ұйытқысы, абыройымыздың айғағы. Еліміздің бас қаласы 10 шақты жылдың ішінде әлем таныған сәулетті мәдениет орталығына айналды. Астана танымал саясаткерлер мен мемлекет басшыларының, белгілі қоғам қайраткерлерінің, әйгілі өнер жұлдыздарының басын қосатын «Бейбітшілік қаласы» деген атаққа ие болды», - деді Президент салтанатты шара барысында.
Бүгін еліміз көлемінде тойланып жатқан Астана күні мерекесіне алыс та жақын мемлекеттерден арнаулы делегациялар келгеніне тоқталған Мемлекет басшысы, «бұл еліміздің мәртебесін биіктете түсіп, елордамыздың өркениет көлемінде алатын орны ерекше екенін көрсетті», - деді.
Астанадағы өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезінің маңыздылығын ескеріп өткен Н. Назарбаев, «біздің Астанамызда Жаратқаннан игі тілектер тіленді, ол да жақсылықтың нышаны деп санау керек шығар», - деді.
«Сан ұлттың өкілдері Астанаға деген ниет-тілектерін ақтарыла жеткізіп, осынау елдік мерекеге, ән мен жырдан шашу шашуда. Бүкіл Қазақстан халқы мейрам деп жарияланған елорда күнін атап өтеуде. Астана мерекесі - халықтың мерекесі», - деді Мемлекет басшысы.