Елорда полицейлері балаларға ерекше тарту әзірледі

Халықаралық балаларды қорғау күні олар кішкентай астаналықтар үшін мереке ұйымдастыруды жөн санапты, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін «Эко ауыл» демалыс аумағында қалалық ІІД қызметкерлері атаулы күнге арналған іс-шара өткізді. Тәртіп сақшылары аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларын құттықтауды ұйғарыпты.
Осындай 50-ге тарта бүлдіршінге музыкалық нөмірлер мен қатар, цирк әртістері - сайқымазақтар, жонглер мен акробаттар өнер көрсетеді. Күн ішінде балалар полицияның жұмыс бағыттарымен танысады. Қызметтік мотоциклдерге, Күзет полкі полициясының кавалерлік ротасы аттарына мініп, қыдырады.
«Арлан» арнайы жасағы бөлімшесі балалардың алдында қызғылықты жаттығулар мен нөмірлер көрсетеді. Ал Астана қаласы ІІД-нің ит үйрету қызмет орталығы үйретілген иттермен жұмыс істеу шеберліктерін паш етеді.
Сонымен қатар, күні бойы балалар әр түрлі спорттық және көңілді ойындарға қатысып, өздерінің үздік қабілеттерін,- зеректілік, ептілік, командада жұмыс істей алатындықтарын ортаға салады. Осы сынды байқаулар балалар мен қатар ересектердің де көңіл күйлерін көтерері сөзсіз,- дейді мерекені ұйымдастырушылар. Іс-шара соңында балаларға сыйлықтар тарту етіледі. Би кеші ұйымдастырылып, мереке от шашумен аяқталады.