Елорда полициясы аялдаманы бүлдірген бұзақыларды іздеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың полициясы Қорғалжын тас жолы бойындағы аялдаманы бүлдірген күдіктілерді анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Сот алдындағы тергеу амалдары басталды, деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Ведомство ақпаратына сәйкес, Есіл аудандық ІІБ қызметкерлері тексеру барысында аялдаманың ішіндегі екі ақпарат қабырғасының жұлып алынғанын және wi-fi модемінің ұрланғанын анықтады.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта бұл аялдама толық пайдалануға берілмеген. Оның ішінде электр жарығы, жылы беру және бейне бақылау жүйесі іске қосылмаған. Аталған факті сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188 (ұрлық) және 202-баптары бойынша (өзгенің мүлкін қасқана бүлдіру) тіркелген.

Соңғы жаңалықтар