Елорда полициясы азаматтарға мұқият болуды ескертеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда полициясы азаматтарды мұқият болуларын сұрауда. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» агенттігіне Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда полициясы азаматтарға мұқият болуды ескертеді

Елордалық ІІД-нің хабарына сәйкес, қоғамдық тәртіп қауіпсіздігі қатаң бақылауда тұр. Астанада әлі күнге дейін лаңкестік қаупінің «сары» деңгейі сақталуда.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Полиция қызметкерлерінің тексерістеріне түсіністікпен қарап, оларға мейлінше жәрдемдесуге тырысыңыздар. Сөмкеге, қорапқа, оралған заттарға, қаптарға, чемодандарға, сонымен қатар сымдары бар техникалық құрылғыларға және қоғамдық орындар мен қоғамдық көлікте өздерін күдікті ұстайтын азаматтарға үлкен мән берулеріңізді сұраймыз. Күдікті затты сақтауға және жеткізіп беруге келіспеңіздер. Тастап кеткен заттарға азаматтарға жақындамауларын түсіндіріңіздер. Елдегі жағдай туралы жаңалықтардан бақылап отыру ләзім. Қатты үрейге берілмеңіздер. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі жалған өсекке сенбеңіздер. Алдын ала жалған ақпаратты тарату қылмыстық қудалауға жатады. Күдікті заттарды анықтаған болсаңыздар дереу 102 нөміріне немесе Астана қаласы ІІД-нің телефондарына хабарласыңыздар: 71-60-10, 71-61-10», - деп жазады Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.