Елорда полициясы көлік жүргізушілеріне өтініш жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полициясы толассыз қар жаууына байланысты қала көшелеріндегі ахуалды тұрақты бақылауға алды», - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда полициясы көлік жүргізушілеріне өтініш жасады

«Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғалары орын алмауы үшін қажетті барлық іс-шараларды қабылдауда. Қиындыққа тап болған жүргізушілерге көмек көрсетіп, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Сонымен қатар қалалық департамент қалың қардың жаууына байланысты жүргізушілерден жолдарда аса абай болуды және жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды өтінеді.

«Жүргізушілер барынша мұқият болып, жылдамдық режимін және қауіпсіз ара қашықты бұлжытпай сақтау қажет. Жаяу жүргіншілерден жолды белгіленген жерлерден ғана өтуді сұраймыз. Осыған байланысты, жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткелі алдында жылдамдықты барынша азайтуды, жалпыға білім беру мекемелерінің маңында аса мұқият болуды ескертеміз»,- деді департаменттен.