Елорда прокуратурасы сауда орталықтарында ұрлық фактілері тиісті деңгейде ашылмай отырғанын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда прокуратурасы сауда орталықтарында ұрлық фактілері тиісті деңгейде ашылмай отырғанын атады.
None
None

Бұл туралы бүгін Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша Астана қаласы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов мәлім етті.

«Биыл «Хан Шатыр» сауда орталығында орын алған 218 ұрлықтың тең 50-інің ғана беті ашылды. Ал «Артем» орталық базарында болған 295 ұрлықтың тек 25-і бойынша қылыстың беті ашылды»,-деп тоқталды Т. Сүлейменов.

Осы орайда ол бұндай жағдай елордадағы барша сауда нысандарында байқалып отырғандығын жеткізді.

«Шын мәнінде бұл нысандар тиісті құрылғылармен және күзетпен қамтамасыз етілген»,-деді прокуратура өкілі.

Соңғы жаңалықтар