Елорда тұрғыны мектептен бала ұрлау күдігіне ілікті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Білім басқармасы баласын мектептен бөтен ер адам алып кетпек болғандығын айтқан әйелдің әлеуметтік желідегі жазбасына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға елордадағы №79 мектепте болған.

«Қайрылы кеш, ата-аналар! Барлықтарыңызды ескерткім келеді. Бүгін кешкісін мектептің жанында қорқынышты жайт орын алды. Мектептің қақпасына қарама-қарсы жерде көлік ішінде кішкентай баламмен қызымды күтіп отырғанмын. Баламның мектептен шамамен 40 жастағы аяғын сылтып басқан адаммен бірге шыққанын, онымен бірдеңе жайлы сөйлесіп келе жатқанын байқадым. Қызым көлігімді көрмей, онымен бірге құрылс алаңына қарай бет алды. Көліктен атып шығып, айғай салдым. Ол қорқып, қашып кетті. Қай бағытқа кеткенін де байқамадым. Қызыма жетіп барсам, ол гипнозға түскендей, ештеңе айта алмай, көздерін ғана жыпылықтатты. Үйде үнемі бейтаныс адамдармен сөйлеспеу керектігін, қалай алдаса да онымен ермеу керектігін ылғы айтып отырамын. Мектепке шығар алдында хабарласып, аталған жерде күтетінімді де айтқанмын. Абай болыңыздаршы. Мұндай адамдардан балаларымызды Алла сақтасын», - деп жазды «Whats App»  мессенджеріне оқушының анасы.

Ол сондай-ақ ер адамның бейнесі көрсетілген видеоны да таратқан. Видеожазба мектептің күзет қызметінен алынған.

Кейіннен анықталғандай, аталған ер адамды көршісі қызын мектептен алып кетуге өтінген. Ол келіскен. Бірақ, мектепке келгенде оны басқа оқушымен шатастырған.  Осы жайтқа орай Астана қалалық Білім басқармасы түсінік берді.

«Видеодағы еркек - көршісінің өтінішімен өзінің баласына қосып көршісінің де қызын ала кетпек болған ата-ана. Оның атын атап, кейін есіктің алдында күтіп тұрған. Сол кезде мектептен басқа қыз шығып, оны көршісінің қызы деп ойлаған. Алайда, қыз анасының көлігіне қарай беттегенде ол да соңынан ерген. Сол жерде оның басқа бала екендігін ата-анасынан білген», - деді басқармадан.

Ведомствоның атап өтуінше,  видео авторы - оқушы қыздың анасы мектеп әкімшілігі тарапынан жауапты күтпестен оны ортақ чатқа салып жіберген.

«Мектеп басшылығына ескерту жасалды. Өйткені, 1-сыныптардың сынып жетекшілері балаларды мұндай тосын жайттар орын алмауы үшін тікелей ата-аналарына/заңды өкілдеріне ғана табыстауы тиіс. Сонымен бірге балалар арасында қауіпсіздік ережесі бойынша нұсқаулық жүргізу тапсырылды», - деп атап өтті Білім басқармасынан.

Айта кетейік, көп ұзамай «Whats App» мессенджерінде баланың анасының және бала ұрлау күдігіне іліге жаздаған азаматтың фотосы тарады. Сурет астында қатты қорыққан еркектің мектепке өзі келгендігі және барлығы одан кешірім сұрағаны жазылған. Сонымен қатар аталған азаматтың бұған дейін инсульт алғандығы, бұл жолы да жүрек ұстамасы қайталана жаздағаны айтылған.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум