Елордада 1 520 нысан заңдастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарының комиссиясына 22 959 234 мың теңгенің мүлкін заңдастыруға 1 692 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды strategy2050.kz.
None
None

Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараты бойынша, 14 695 943 мың теңгенің 2 191 тұрғын нысаны, 7 805 342 мың теңгенің 415 қолданылмайтын нысан, 4 025 580 мың теңгенің 234 нысаны коммерцияланған. Жалпы, 6 821 825 мың теңгеге 1520 нысан заңдастырылды. Екінші дәрежелі банктер 457 949 мың теңгегенің 5 үлесін құрайтын заңды тұлғалардың қатысуымен заңдастырылды. ҚР шекарасынан тыс орналасқан мүлікті заңдастыру бойынша Астана қаласының мемлекеттік кірістер органына 30 наурыздағы жағдай бойынша өтініш түспеген. Айта кетейік, заңдастыру - кірістерді жалпы декларациялауға дайындық кезеңі, ол жақын жылдары енгізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар