Елордада 1 келіден астам гашиш тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың полиция қызметкері ірі көлемде есірткі сақтаған күдіктіні қолға түсірді. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Елорданың полиция қызметкерлері келіп түскен ақпаратқа орай жедел іздестіру іс-шарасын өткізіп, Потанин көшесі бойында есірткі сақтаған күдіктіні ұстады. Бұған дейін де сотты болған астананың 37 жастағы тұрғынын тінту барсында салмағы 1 келіден асатын гашиш тәркіленді. Есірткі заты сатуға дайын күйде буып-түйілген. Сонымен қатар ұсталған күдіктіден қолдан жасалған пышақ алынды», - деп атап өтеді департаменттен.

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Есірткіні жеткізу арнасын анықтау іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, жыл басынан елорда аумағында заңсыз айналымнан 53 келі түрлі есірткі заты алынды. Оның ішінде 20 келі «гашиш» және 30 келі синтетикалық есірткі бар.



Соңғы жаңалықтар
Референдум