Елордада 16 автобустың жүретін жолы уақытша өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 16 автобустың жүретін жолы уақытша өзгерді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі хабарлайды.
None

«Мәңгілік ел» даңғылындағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты, №№15, 15А, 35, 46, 54, 70 бағдарларының қозғалыс сызбасына өзгерту енгізілді.


Соңғы аялдама учаскесінде жолды толтыру жұмыстары жүргізілуіне байланысты, №№ 7, 56, 61 бағдарлары уақытша «Binom» мектебіне дейін жүрмейді, «Жағалау-4» аялдамасынан кері бұрылады.

«Мәңгілік ел» даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, №43 бағдарының қозғалыс сызбасына өзгерту енгізілді.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №45 бағдарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 26, 60 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №314 бағдарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 2, 56, 71 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №54 бағдарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Соңғы жаңалықтар