Елордада 2 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылатын жәрмеңке өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Елордадағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 16 шілде күні бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елордада 2 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылатын жәрмеңке өтеді
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Іс-шараны Алматы ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырады.

Жәрмеңкеде түрлі саладағы 80 ұйым 2000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынады. Олардың қатарында өндірістік кәсіпорындар, қызмет көрсету саласындағы компаниялар мен білім беру мекемелері бар.

Сондай-ақ жәрмеңке барысында Joltap бағдарламасының өкілдері, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, қаржы ұйымдарының мамандары келушілерге жұмысқа орналасу мен қолдау шаралары туралы кеңес береді.

Бос орындар жәрмеңкесі 16 шілде күні сағат 15:00-де Б.Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында басталады.

Бұған дейін елордалық шахматшы әлем кубогында сенсация жасағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар