Елордада 400-ге жуық отбасы апатты жағдайда тұрған баспаналардан көшірілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 400-ге жуық отбасы апатты жағдайда тұрған баспаналардан көшірілді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің
None
None

«Апатты жағдайдағы 6 ескі үй мен барақ тұрғындары жаңа, қауіпсіз баспанаға ие болды, 400-ге жуық отбасы қауіпті пәтерлерден көшірілді. Бұл апатты үйлердің арасында 80 жылдан астам уақыт бұрын салынғандары да бар. Олардың төбесінен су ағып, қабырғалары сөгілгелі тұрған, пәтер іші сыз және тағы басқа да келеңсіздіктерге толы еді»,-деп жазады астана әкімі.

Оның сөзінше, қаладағы кейбір тұрғын үйлерде орталықтандырылған жылу жүйесі болмаған. Тұрғындар пәтерлерін пешпен жылытқан. Қазір адамдар жүктерін тасып, көшіп жатыр.

«Ескі үйлерді сүру жұмыстарын «Елорда дамумен» бірге «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізіп жатырмыз. Бұған қоса Мемлекет басшысының тапсырмасымен жеңілдікпен берілетін қолжетімді баспана құрылысы көлемін де арттырамыз»,-деп жазады Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар