Елордада 480 мың адам толық вакцина алды

«Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның тіркелу жағдайының төмендеуі байқалады. Қала 16 ақпаннан бастап «сары», ал 21 ақпаннан бастап «жасыл» аймақ қатарына өтті. Қазіргі уақытта (24 ақпанда) апталық сырқаттанушылық көрсеткіші қаңтардағы (25 қаңтарда) ең жоғары апталық сырқаттанушылық көрсеткішімен салыстырғанда 84,8 есеге, яғни 35 565 жағдайдан 419 жағдайға дейін төмендеді», - С. Бейсенова елорда әкімдігінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, елордада соңғы аптада коронавирустың таралуы төмендеген.
«COVID-19-дан қорғанудың жалғыз жолы – вакцина алу. Бүгінде елорда халқының 71,5%-ы вакцинаның бірінші компонентін алса, 67,3%-ы екі компонентті алды. Нақты санмен айтсақ, 509 мыңнан астам азамат вакцинаның бірінші компонентін алды және 480 мыңға жуық азамат екпе алудың толық курсынан өтті», - дейді ол.
Сондай-ақ, бас санитар дәрігер астаналықтарға ревакцина алудың маңыздылығын тағы бір ескертті.
«Елорда бойынша 284 814 адамның толық вакцина алғанына 6 ай өтті. Енді ол азаматтар иммунитетін бекіте түсу үшін ревакцинациядан өтуі қажет. Қазіргі уақытта ревакцинация алуы тиіс жандардың үлесі 31,2% -ы құрайды», - деді бас санитар дәрігер.