12:39, 26 Қараша 2023 | GMT +5
Елордада 5 автобус маршрутының жүретін жолы өзгерді
Астаналық City Transportation Systems көлік компаниясы бірқатар автобус бағдарының бағыты өзгергенін еске салды, деп хабарлайды Kаzinform.

«Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 18, 28, 50, 52, 60 бағдарлар қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді» деп ескертеді компанияның баспасөз қызметі.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен мына сілтемеде таныса аласыздар.