Елордада 500-ден астам шетел азаматы елден шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада көші-қон заңы талаптарын бұзған шетелдіктер елден шығарылды. Бұл туралы Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Ербол Махметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Шетел азаматтары келгенде қабылдаушы тарап елде болу талаптарын хабарлауы тиіс. Осы күнге дейін Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарын заңсыз жүзеге асырғаны үшін 50-ден астам адам тартылды. Жыл басынан бері Астанада 20 мыңға жуық шетел азаматы тіркелді. Одан бөлек, Тәжікстанның 3 мыңнан астам азаматы уақытша тұруға рұқсат алды», - деді Ербол Махметов полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, еңбек мигранттарының көбі құрылыс саласында жұмыс істейді.

«Егер олар уақытша тұруға рұқсат алса, белгіленген мерзім ішінде жұмыс істеуге құқылы. Жыл басынан бері 500-ден астам адам елден шығарылды. Олардың дені құрылыс алаңдарында жұмыс істейді», - дейді спикер.

Бұған дейін елордада қос азаматтықпен жүрген шетелдік заңбұзушылар туралы хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар