Елордада 60 ұйым білім саласы қызметкерлеріне зәру

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 60 ұйым білім саласы бойынша мамандар іздестіруде, деп хабарлады бүгін Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, бүгін елордадағы «Жастар» сарайында білім саласында бос жұмыс орындары бойынша жәрмеңке өтудеі. Шараға 60 жұмыс беруші шақырылған, олар 500-ден астам бос жұмыс орнын ұсынған.

Оған қоса Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалды. Оның мақсаты - елорда тұрғындарын мемлекеттік қызметке жұмысқа орналастыру.

Бос орындар жәрмеңкесі Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 4 тамыз күні сағат 10-00-ден 13-00-ге дейін өтеді. Байланыс телефондары: +7 (717)2954425, +7 (702) 2694919.

Соңғы жаңалықтар