Елордада 6 370 шақырым жылу құбырлары жаңғыртылды

АСТАНА. KAZINFORM — «Астана-Теплотранзит» кәсіпорны шаһардағы жылу инфрақұрылымын жөндеу жұмыстары жөнінде мәлімдеді.

жылу құбыры
Фото: Үкімет

Мекеме мәліметінше, 2026 жылы 15 объектідегі 6 787 шақырым жылу желісін жаңғырту жоспарланған.

14 қыркүйектегі жағдай бойынша, 6 370 шақырым жылу құбыры жаңғыртылған, яғни жоспардың 94%-ы орындалды. Қалған 6%-ы қыркүйектің соңына дейін аяқталмақ.

— Жылу желілері тозуының салдарымен ғана күресуге болмайды. Біз инфрақұрылымды жоспарлы түрде жаңғырту тәсіліне көшіп жатырмыз. Бұл өте маңызды. Әуелі қатты тозған және әлеуметтік маңызы бар, айналасында әлеуметтік нысандар орналасқан жылу құбырларын жаңғыртуға мән береміз. Бұл жұмыстардың басты мақсаты — елорданы сенімді түрде жылумен қамту және жылыту маусымында сын-қатерлердің алдын алу, — деді «Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасының режим және реттеу жөніндегі орынбасары — Бас инженер Абзал Сауғабаев.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада қысқы жылыту маусымына жылу қоры дайын екенін жазғанбыз.