Елордада Ақтөбе, Ақмола облыстары мен Алматы қаласының күндері өтеді
![None None](/static/img/plug.webp)
Елордаға Ақтөбе, Ақмола облыстары мен Алматы қаласының ресми делегациялары келетін болады.
Мәдениет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, астаналықтарды ауылшаруашылық жәрмеңкесі, көрме және концерттік бағдарламалар күтіп тұр.
16 қарашада Бейбітшілік және келісім сарайында Ақтөбе, Ақмола облыстары мен Алматы қаласының өнер шеберлерінің бірлескен концерті өтеді. Концертте аталған облыстардың өнерпаздары өз өнерлерін Астана жұртшылығына паш етеді. Концерттік бағдарламада екі облыс пен Алматы қаласының бірлескен қазақ ұлт аспаптар оркестрі, би ұжымдары, фольклорлық, домбырашылар ансамбльдері, сондай-ақ елімізге танымал Мадина Сәдуақасова, Рүстем Нұржігітов, «Кешью» және «Парасат» тобы, А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушылары, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі өнер көрсетеді деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, алғаш болып аймақтар күнін 8-9 қыркүйекте Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары ашқан болса, 28-29 қыркүйекте Астанада Қостанай, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан, 11-12 қазанда Маңғыстау, Қарағанды және Солтүстік-Қазақстан, ал 25-26 қазан күндері Алматы, Павлодар, Батыс-Қазақстан облыстарының күндері өтті.