Елордада алғаш рет семсерлесуден әлем кубогі кезеңі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – 26-29 наурыз күндері елордадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешенінде семсерлесуден (шпага) әлем кубогы кезеңі өтеді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Елордада алғаш рет семсерлесуден әлем кубогі кезеңі өтеді
Фото: ҚР ҰОК

Халықаралық додаға 96 елден 600-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.

Жарыстар ерлер мен әйелдер арасында жеке және командалық сында ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасы сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетеді. Жалпы, жүлде үшін 30-ға жуық отандық спортшы бақ сынайды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық семсерлесушілер Мажарстандағы Гран-при турниріне қатысатынын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум