Елордада алғашқы қоңырау соғылды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін елімізде білім күніне орай барлық мектепте салтанатты іс-шара өтті.

мектеп, оқушы, алғашқы қоңырау
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Астанадағы біз барған № 79 мектеп лицейде 3397 оқушы білім алып жатыр.

мектеп, оқушы, алғашқы қоңырау
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Биыл 1 сыныпқа 287 бүлдіршін қабылданды.

мектеп, оқушы, алғашқы қоңырау
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Салтанатты іс-шара мемлекеттік туды шығарып, әнұранды орындаудан басталды.

мектеп, оқушы, алғашқы қоңырау
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Одан әрі 1 сынып оқушылары сап түзеді.

мектеп, оқушы, алғашқы қоңырау
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Шара барысында ән айтылып, тақпақ оқылды және мектеп табалдырығын аттаған балаларға әліппе таратылды. 

мектеп, оқушы, алғашқы қоңырау
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
мектеп, оқушы, алғашқы қоңырау
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

— Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар сіздерді білім күнімен шын жүректен құттықтаймын. Құрметті бүлдіршіндер бүгін сіздер үшін ерекше күн, алғаш мектеп табалдырығын аттап, білім әлеміне қадам басып отырсыздар. Құрметті ата-аналар, бүгін сіздермен бірге балаларыңызда жаңа өмірге қадам басып отыр, алдағы уақытта олар білім алып, өсіп жетіліп сіздердің үмітті ақтайды деп сенемін. Балалардың әр қадамына қуанып, олардың жетістігіне ортақтасып жүре беріңіздер. Құрметті ұстаздар, жаңа оқу жылы сіздер үшін шығармашылық табысқа, жаңа жетістіктер мен қуанышты сәтке толы болсын. Сіздердің еңбек ұрпақ тәрбиесінің негізі, болашақтың бастауы. Шәкірттеріңіздің әр жетістігі сіздердің қажырлы еңбегіңіздің жемісі. Сіздерге мықты денсаулық, шабыт және қуаныш тілеймін, — деп құттықтады мектеп-лицей директоры Қанат Байсалбаев.

әліппе
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
әліппе
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
мектеп, оқушы, алғашқы қоңырау, әліппе
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Айта кетсек, Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 360 мың бала мектеп табалдырығынан алғаш рет аттап отыр. 

мектеп, оқушы, алғашқы қоңырау
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
мектеп, оқушы, алғашқы қоңырау
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандықтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады

Соңғы жаңалықтар