Елордада алты жасар бала 14-ші қабаттан құлап кете жаздады

«17 шілдеде сағат 18:42-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшесіне Ғабдуллин 11 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің 14-ші қабатындағы терезеден 2017 жылы туған баланың құлағалы тұрғаны туралы қоңырау түсті. Құтқарушылар келген уақытқа дейін бала терезеден өздігінен түсіп үлгерген. Үйде ата-анасы болған. Құтқарушылар олармен профилактикалық әңгіме жүргізді», - деп жауап берді Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі тілші сауалына орай.
Құзырлы орган елорда тұрғындарын балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырды.
«Баланың терезеге шығуына жол бермеу үшін барлық жиһазды алыстатыңыз қойыңыз. Сондай-ақ москит торларына құлаудан қорғауға арналмаған. Балаңызға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштер қойыңыз», - деп мәлім етті департаменттен.