Елордада апаттық күйдегі тұрғын үйлер қорын жаңарту мәселесі талқыланды

АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін елордада партияаралық және қоғамдық «Көзқарас» диалогының кеңейтілген мәжілісінде ескі, апаттық жағдайдағы тұрғын үй мәселелері талқыланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқосуда саяси партиялар мен қала әкімдігінің  өкілдері апаттық күйдегі тұрғын үйлер қорындағы тұрғындарды жаңа баспаналармен қамтамасыз етудің тиімді тетіктерін іздеді. Сонымен бірге пәтер иелері кооперативтері мәселесін, муниципалды, әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысы, жалпы қала құрылысының бағыт-бағдары сараланды.

  Тұрғын үй департаментінің мәліметі бойынша, Астанада апаттық жағдайдағы 232 тұрғын үй, соның ішінде 3 552 пәтер бар. Ескі құлағалы тұрған үйлерде шамамен 15 мың адам тұрады. Ал сусыз, кәріз жүйелерінсіз, орталықтан жылытуға қосылмаған баспаналар саны бұдан бірнеше есе көп.

 Коммунистік-халықтық  партияның Астана қалалық филиалының бірінші хатшысы Ұмсындық Байзақованың айтуынша, Конституциялық және Халықаралық  құқық бойынша әрбір азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілуін талап ете алады.

 «Сондықтан Астана әкімдігіне қаладағы апаттық жағдайдағы үйлерді бұзып, үй иелерін жаңа баспанамен қамтамасыз ету бойынша жедел шаралар қолдануды талап етуді дұрыс деп шештік. Біз әкімдіктен адамдарды апаттық күйдегі тұрғын үй қорынан шығару бағдарламасын және тозығы жеткен үйлерді жөндеу, қайта  жаңарту жоспарын жасауын сұраймыз», деді ол.

 Мәжіліс соңында жиылғандар жалпы Қазақстандағы, соның ішінде Астананың құрылыс саясатын ғылыми-зерттеуді негізге алып, ұтымды тұжырымдама, нақты істер мен шаралардың жоспарын жасауға уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар