Елордада «Арайлы әсем Астана» мерекелік концерті өтуде

АСТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Елордалық әкімдік алдындағы алаңда Қала күнін мерекелеу ауқымында «Арайлы әсем Астана» мерекелік концерті өтуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арайлы әсем Астана» жобасын ұйымдастырушысы, ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші және композитор Марат Омаровтың айтуынша,  шараның ерекшелігі сонда, оған қаланың халықаралық конкурстар лауреаттары ғана емес, республиканың шалғай аудандарынан, ауылдарынан талантты балалар қатысуда. «Бүгін Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан шығармашыл ұжымдар мен орындаушылар өнер көрсетуде. Олар өз аудандарына бірнеше рет жеңімпаз атанды, енді өз өнерлерін елорда тұрғындары мен қонақтарына ұсынып отыр. Біздің балаларымыз - Қазақстанның болашағы» - деп атап көрсетті М.Омаров.

Көрермендер арасында Астана қаласындағы  №38 балабақшаның «Ерке қыз» би ансамблі және М.Омаровтың шәкірті - эстраданың балғын жұлдызы, халықаралық конкурстың лауреаты Рүстем Жүгінісов өнер көрсетті, жас  дарындар арасында шетелдік орындаушылар да бар.

Соңғы жаңалықтар