Елордада ауа райына байланысты тағы 5 автобус тоқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 312 бағдарлардың қозғалысы тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Астана LRT» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Барынша сақ болып, үсіп қалмауға тырысыңыздар. Өз сапарыңызды алдын ала ойластыруыңызды сұраймыз. Қозғалыс қалпына келген жағдайда қосымша хабарлайтын боламыз. Астана қаласының қоғамдық көлігіне қатысты жаңалықтарды Астана LRT facebook, instagram парақшаларынан және www.alrt.kzсайтынан біле аласыздар», - делінген компанияның хабарламасында.

Еске сала кетсек, Астана маңындағы ауылдарға қатынайтын автобустар қозғалысы тоқтатылғанын бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Нақтырақ айтқанда, № 307 және №317 автобустарының қозғалысы шектелген еді.

Одан бөлек, ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанадан Павлодарға, Көкшетауға және Атбасарға шығатын жолдар жабылды. Сонымен қатар, бүгін қалада екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмады.

Соңғы жаңалықтар