Елордада ауыл әйелдері кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқылануда

Шара барысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Отбасы істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен өз сөзінде бүгінде әйелдер бизнесі қалаларда өте жақсы дамығанымен ауылдық жерлерде әлі күнге дейін кенже қалып отырғанын баса айтты.
«Әрине, бизнеске мемлекет тарапынан үлкен қолдау жасалып жатқанымен, әрбір адамның өз ісін бірден бастап кетуі өте қиын. Әйелдер арасындағы бизнес - бұл өте таза, жемқорлықтан ада және отбасын тұрақтандыратын бизнес. Сондықтан ауыл әйелдерінің бизнесін дамыту біздің комиссияның басты бағыттарының бірі», - деді ол.
Оның атап өтуінше, ауыл әйелдерінің кәсіпкерлікті дамытуына тың серпін беру мақсатында Ұлттық комиссия арнайы жоспар түзуде.
Айта кетерлігі шара соңында кәсіпкер әйелдер арасында өткізілген «Әйелдерше бизнес» және Ақмола облыстық бұқаралық ақпарат құралдары арасында өткен «Әйелдер мен бизнес» байқауларының нәтижесі жария етілмек.