15:30, 04 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Елордада автобус аялдамасының әйнегі құлап, 2 адам жарақат алды
Екеуі де шұғыл қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Kazinform.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан автобус аялдамасы әйнегінің қатты желден ықтап тұрған 2 адамның үстіне құлағанын байқауға болады.
Оның бірі орнынан тұра алмай қалды.
Екі адам да бірден қалалық көпбейінді №1 ауруханаға жеткізілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Жан-жақты тексеріп қарау және тексеру негізінде жарақат алған пациент стационарға жатқызылды. Жағдайы бірқалыпты. Қазіргі уақытта жедел ем тағайындалды. Екінші пациент аумақтық тіркелу орны бойынша қалалық емханаға амбулаторлық ем алуға жіберілді», - деді осы оқиға қатысты мән-жайды түсіндірген қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.