Елордада автобустардың соқтығысуы: Іс сотқа жолданды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада биылғы наурыз айында болған 3 автобустың соқтығысуына қатысты іс сотқа тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Іс сотқа жөнелтілді, сонда қаралып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа адам факторы түрткі болған. Яғни, жүргізуші жол ережесін бұзған. Бірақ бәрі тергеу шеңберінде егжей-тегжейлі қайта тексеріледі. Сот қосымша қарайтын болады», - деді ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов ведомстводағы брифинг барысында.
Еске салсақ , ағымдағы жылдың наурыз айында ірі жол-көлік оқиғасы болып, бірден үш автобус соқтығысты. Оқиға салдарынан екі адам қазақ тапқан.