Елордада Азия ынтымақтастық диалогының 1-ші Көліктік форумы өтуде

ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан көлік күндері аясында Азия ынтымақтастық диалогының 1-ші Көліктік форумы өтуде.
None
None

Аталған форум көліктік байланыстарды дамытуға, Азиядағы сауда ағындары жолындағы кедергілерді азайтудағы жәрдемдесу шараларына негізделіп отыр. Осы алқалы жиынға Малайзия, Иран, Жапония, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Үндістан, Корея және Пәкістан елдерінің өкілдері мен консулдық қызметкерлері қатысуда. Бұл шара барысында Оңтүстік-Солтүстік, Шығыс-Батыс транзиттік бағыттары бойынша жолаушылар мен жүк тасымалын дамыту тұрғысында көліктік байланыстарды арттыру, Азия елдерінің транзиттік әлеуетін іске асыру мақсатында көлік саласында құқықтық реттеу мәселелері талқыланды.

Азия ынтымақтастық диалогы - Азиядағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша өзара іс-әрекетке қатысты диалог, кеңестер, тиісті шешімдер қабылдау мен проблемалар бойынша консенсус негізінде шараларды жүзеге асыруға арналған үкіметаралық форум. Ұйымға 31 мемлекет кіреді. 2002 жылы маусымда Тайландта Сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуінде оның негізі қаланды.

Соңғы жаңалықтар