Елордада БАӘ-ден әкелінген жаңа бейнебақылау камералары қашан іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Біріккен араб әмірлігі компаниясы орнататын жаңа бейнебақылау жүйесінің қашан жұмыс істей бастайтыны белгілі болды. 

Елордада БАӘ-ден әкелінген жаңа бейнебақылау камералары қашан іске қосылады
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

— Келісімшартқа сәйкес, жыл соңына дейін компания алғашқы кезеңді аяқтауы тиіс және қосымша 20 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылады. Желтоқсан айында аяқтап, іске қосуды жоспарлап отырмыз, — деді елорда әкімі Жеңіс Қасымбек.

Айта кетсек, БАӘ компаниясы басқаратын бейнебақылау жүйесі жасанды интеллект технологиясының көмегімен жұмыс істемек.

Жыл басында «Сергек» елордадан кетіп, қаладағы камераларды БАӘ компаниясы басқаратыны туралы хабарлаған едік

Астана қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Дидар Сүлейменовтің айтуынша, жаңа жобада аппараттық-бағдарламалық кешеннің басым бөлігі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты электр энергиясын қосу қарастырылған. Сондай-ақ бейне түсірілімнің үздіксіз берілуін қамтамасыз ету бағытында бейнебақылау камералары оптикалық байланыс желісіне қосылады.

Бүгін елорда әкімі Жеңіс Қасымбек «Алматы» ауданы тұрғындарымен кездесіп, халықты толғандырған сауалдарға жауап берді.

Халықпен кездесу барысында қала басшысы жемқорлық символына айналған Астанадағы 1 млрд теңгенің субұрқағын қалпына келтіруге қатысты түсінік берді

Соңғы жаңалықтар