Елордада «Балалар - біздің болашағымыз!» атты қайырымдылық концерт өтті

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Елордадағы «Конгресс холл» сарайында «Балалар - біздің болашағымыз!» атты қайырымдылық концерті өтті.
None
None

Бұл шара балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен Астана қаласының ардагерлерге арналды.

Осы қайырымдылық істі Қазақстан Парламентінің Мәжілісі мен Сенаты Аппараттарының бірқатар қызметкерлерінен құралған «Нұр Отан» ХДП-ның «Бірлік» бастауыш партия ұйымы ұйымдастырды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған концерттік бағдарламада Астана қаласының мемлекеттік филармониясы мен Көкшетау қаласының«Достар» мәдениет сарайының әртістері, Қазақ ұлттық өнер институты, Қазақ гуманитарлық заң университеті, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, «Тұран-Астана» университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері, сондай-ақ Астана қаласының № 1, 2 және 3 музыкалық мектептерінің оқушылары өздерінің өнерлерін көрсетті.

Бағдарлама соңында бастауыш партия ұйымының атынан Астана қаласы Ардагерлер Кеңесінің ұжымына, «Астана қаласының балалар үйі», Астана қаласы Білім басқармасының «Кәмелетке толмаған балаларға арналған пана», «Астана қаласының Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі», Астана қаласының мамандандырылған балалар үйі, «Үміт Корпорейшен» КҰҚФ жоба «Жасыл Жайлау», «Болашақ» жасөспірімдер үйінің және «Қарлығаш» жасөспірімдер үйі, «SOS Астана балалар ауылы» және аталған іс-шараны жүзеге асыруға жәрдем берген ұжымдардың атына алғыс хаттар табысталды.

Соңғы жаңалықтар