10:22, 10 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Елордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Астанада ауа райына байланысты 0-4 сынып оқушылары үйден оқитын болды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
— 2025 жылғы 10 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.
Кеше Астанада бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауысатыны ескертілді.
Бұдан бұрын аязға байланысты Қостанайда бірқатар мектеп қашықтан оқуға ауыстырылғаны белгілі болды.