Елордада белгісіз ер адам министрліктер үйін өртемек болды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін таңғы сағат 8 шамасында Астанадағы министрліктер үйінің 11-кіреберісінде өрт шықты. Белгісіз ер адам Оқу-ағарту министрлігінің ғимаратына кіріп, турникетке жанғыш қоспа лақтырған. 

Елордада белгісіз ер адам министрліктер үйін өртемек болды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

– Министрліктер үйінің кіреберісінде өрт шығарған 24 жастағы азамат анықталып, полиция қызметкерлері ұстады. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел сөндірген. Сондай-ақ ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Еске салсақ, елордада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды

Соңғы жаңалықтар