Елордада бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық ІІД елордада бүгіннен бастап жабылатын көшелерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Елордада бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Ардагерлер көшесі бойында Қосшығұлұлы көшесінен Ақан сері көшесіне дейін 10 маусымның сағат 13.00-ден 12 маусымда сағат 06.00-ге дейін көлік құралдарының қозғалысы толық шектеледі.

Сонымен қатар, темір жол төсемін салу бойынша жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Малахов көшесі бойында 10 маусымда сағат 22.00-ден 11 маусымда сағат 06.00-ге дейін көлік құралдарының қозғалысы толық шектеледі.

Полиция қала тұрғындары мен қонақтарына уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, алдын ала баратын бағдарын жоспарлауды сұрайды.