Елордада «Біз жолда қауіпсіздікті қолдаймыз!» автошеруі өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елорданың орталық көшелерімен «Біз жолда қауіпсіздікті қолдаймыз!» атты автошеру өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада «Біз жолда қауіпсіздікті қолдаймыз!» автошеруі өтті

Жергілікті полиция қызметі басқармасы «Road brothers MCC Kazakhstan» байкерлер клубымен бірге ұйымдастырған іс-шараның мақсаты - жол-көлік оқиғасының алдын алу және жолын кесуге қоғамның назарын аудару. Автошеруге эвакуатормен авариялық жағдайдағы көліктер, сондай-ақ, апаттардың алдын алуға арналған билбордтары бар автобустар, Полиция департаментінің мотоцикл жүргізушілері мен танымал байкерлер қатысты.


Автошеру «Бәйтерек» монументінде аяқталып, сол жерде «Жолда қабылдау» акциясы жүргізілді. Іс-шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтары көкейкесті мәселелер бойынша жедел түрде полициямен тікелей байланыса алды.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері елордада 188 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 7 адам қаза тапты және 200 адам түрлі деңгейде дене жарақатын алды.