Елордада «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының орындалу барысы талқыланды
Алқалы жиында негізгі баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Құсайыновтың атап өтуінше, ағымдағы жылдың 1 ақпанындағы мәліметтерге сәйкес, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының барлық үш бағыты бойынша жалпы кредит сомасы 105,1 мллиард теңгені құрайтын 235 өтініш мақұлданған. Оның ішінде жаңа бизнес бастамаларды қолдау атты бірінші бағыты аясында субсидиялау беру үшін өңірлерде жалпы сомасы 29 миллиард теңгеден асатын 141 жобаға оң шешім қабылданды. Ал кәсіпкерлік секторды сауықтыру бағытында жалпы кредит сомасы 447,9 млрд. теңгені құрайтын 65 жоба қолға алынатын болады. Сондай-ақ экспортқа бағытталған өндірісті қолдау атты үшінші бағыт бойынша жалпы сомасы 30,5 млрд теңгені құрайтын 29 жоба мақұлданып отыр.
«Бағдарламаның барлық үш бағыты бойынша жобалардың басым бөлігін, атап айтқанда жалпы сомасы 23,6 млрд теңгені құрайтын 53-ін «Қазақстан халық банкі» АҚ-ы субсидиялау үшін мақұлдады»,- деді М.Құсайынов.