Елордада бозбала бойжеткенді пышақтап өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық 17 жастағы бойжеткенді танысы пышақтап өлтірді. Бұл туралы Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова мәлім етті.

Елордада бозбала бойжеткенді пышақтап өлтірді

«Астана қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері елорданың 17 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен азамат М-ны тұтқындады. Қыз пышақ жарақатынан көз жұмды. Айта кетерлігі, күдікті зардап шегушінің анасына да пышақ жарақатын салған», - деді ол.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бозбала мен бойжеткен бір-бірімен таныс болған.

«Күдікті тергеу абақтысына қамалып, оның үстінен ҚР ҚК-нің 96 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деді С.Қылышбекова.