18:27, 05 Тамыз 2024 | GMT +5
Елордада бір жасар бала терезеден құлап кетті
АСТАНА. KAZINFORM – Елордада бір жасар бүлдіршін терезеден құлап, ауруханаға жеткізілді.

«Бір жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлады. Оқыс оқиға бүгін Астана қаласының Алматы ауданында болды. Түрлі жарақаттар алған сәби (ұл) ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Осы орайда ТЖМ ескертеді:
- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Терезеге арналған торлар құлаудан қорғамайды;
- Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.
Биыл шілденің басындағы мәлімет бойынша, елімізде жыл басынан бері 100-ден астам бала терезеден құлап кеткен.
ТЖМ мұндай фактілер тіркелген кезде балалар ауыр жарақат алып, мүгедек болып қалады немесе көз жұматынын хабарлап отыр.