Елордада бірқатар көше уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада өтетін Jüregımnıñ Jeñımpazy қайырымдылық жүгіру марафонына байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Елордада бірқатар көше уақытша жабылады
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Көлік қозғалысына шектеу мына тәртіппен енгізіледі: 

• Сағат 7:00-ден 8:05-ке дейін – Түркістан көшесінің бір жолағы (Abu Dhabi Plaza бағытына қарай) ішінара жабылады;

• Сағат 7:10-нан 9:15-ке дейін – Ақмешіт көшесінің бір жолағы (мәре аймағына дейін) жабылады;

• Сағат 7:00-ден 7:40-қа дейін – Ұлы Дала даңғылы уақытша жабылады.

Жүргізушілер бағыттарын алдын ала жоспарлап, ықтимал кешігу уақытын ескергені жөн.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және баршаңызды осы маңызды іс-шараға қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Heart Center Foundation қоғамдық қоры.

Бұдан бұрын Алматыда 10 тамыз күні Абайдың 180 жылдығына орай бірнеше көше жабылатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар