Елордада бүгінге дейін 1640 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды

«Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен елордада бірінші болып вакцина егетін бес емхана бекітілді. Осы емханаларда ең алдымен вирусты жұқтыру қаупі жоғары азаматтарға салына бастады. Екпе жұмыстарын бастамас бұрын бес емханада дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда вакцинаны тасымалдауға арналған термоконтейнерлер алынды, оқыту жұмыстары өткізіліп, санитарлық-эпидемиологиялық сала қызметкерлерімен қатар медицина қызметкерлері аттестаттаудан өтті», - деді Ләззат Рүспекова орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, елордада қазірге дейін 1640 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынып қойған.
«Вакцинаның бір флаконы бес адамға жетеді. Осы вакцинаны салу кезінде уақыт бойынша аралық тәртібі қатаң сақталды. Вакцина салынған адам алғашқы 30 минутта бақылауда болады», - деді ол.