Елордада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Астанада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Елордада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Сыйлық мәдениет, ғылым, медиа және спорт саласында жоғары жетістіктерге жеткен 20 жас дарынға табысталды. Олардың қатарында халықаралық және республикалық конкурстар, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорт жарыстарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген жастар бар.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтау сөзінде жастар саясаты саласында жыл санап жаңа буынды қолдауға бағытталған шаралар мен жобалар артып келе жатқанын атап өтті. Президент бастамасы арқылы жоғары білімнің қолжетімділігі артып, жас ғалымдарды қолдауға арналған грант бағдарламалары көбейді, еңбек нарығында жас мамандардың мүмкіндіктерін арттыратын жаңа жобалар іске қосылды. Креативті индустрия, цифрлық экономика, кәсіпкерлік саласында жастарға жол ашатын бастамалар да мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр.

Елордада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

— Мемлекет басшысы әрдайым өз сөздерінде жастарға қолдау білдіріп, үлкен сенім артып келеді. Президенттің әр Жолдауы, қолға алған реформалары мен бастамалары — жастардың болашағы мен игілігі үшін жасалып жатқан ауқымды өзгерістердің нақты көрінісі. Бұл реформалардың өзегі — Әділдік, Заң мен тәртіп, ашықтық пен жауапкершілік секілді құндылықтарға негізделген. Әсіресе, «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» бастамалары мен жаппай волонтерлік акцияларды жастардың зор жауапкершілікпен және үлкен ынтамен қолдап келе жатқаны қуантады. Бұл ауқымды бастамалардың барлығы — жаңа идеологияның маңызды бөлігі. Ал осы идеологияны жүзеге асыратын да, оны алға жетелейтін де — өздеріңіз, — деді министр.

Лауреаттар «Ғылым», «Эстрада», «Классикалық музыка», «Халық шығармашылығы», «Спорт», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Қоғамдық қызмет», «Театр және кино», «Әдебиет» номинациялары бойынша анықталды.

Елордада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

2025 жылғы жеңімпаздардың қатарында танымал қазақстандық әнші Еңлік Құрарбек (Yenlik), «Славян базары-2024» халықаралық вокалдық байқауының бас жүлдегері Ерназар Жұбан, «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев бар.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жыл сайын талантты жастарды мемлекеттік деңгейде қолдау мақсатында табысталады. Сыйлық ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметтегі жетістіктер мен жоғары спорттық нәтижелер үшін беріледі.

Елордада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

30 жылдан астам уақыт ішінде бұл сыйлықты 360-тан аса жас қазақстандық иеленген. Осыған дейін Нұрлан Өнербаев, Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов, Илья Ильин, Ольга Шишигина, Денис Тен, Қыдырәлі Болманов, «МузАРТ», «Бәйтерек» топтары, Серік Ибрагимов, Әли Оқапов, Қайрат Нұртас, Димаш Құдайберген және тағы басқа көптеген өнерпаз бен спортшылар марапатталған.

Айта кетелік отандық фильм халықаралық кинофестивальдың лауреаты атанған еді.  

Соңғы жаңалықтар