Елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада 19-20 шілде күндері аралығында кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана әкімдігі

Жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтарына еліміздің әр өңірінен келген жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа қожалықтарынан жеткізілген азық-түлік өнімдерінің кең ауқымы ұсынылады. Келушілер мұнда жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет пен ет-сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, бал, тосап, табиғи шырындар мен өзге де тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады. 

Жәрмеңке 19 және 20 шілде күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «KERYEN JOLY» сауда орталығында, Алаш тас жолы, 35 мекенжайы бойынша жұмыс істейді.

Айта кетейік, елордада Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында (RIO DE JANEIRO тұрғын үй кешенінің қарсы бетінде) ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Мұндағы сатушылар күн сайын тұтынушыларға сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді. 

Жұрттың ыңғайлылығы үшін жәрмеңке маңынан № 2, 32, 49, 50, 73 бағытындағы автобустар қатынайды. Бұл іс-шара өтетін орынға қолайлы жетуді қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада дезинсекциялық жұмыстың төртінші кезеңі басталғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар