Елордада демалыс күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің бас қаласында 21-22 маусым күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елордада алдағы демалыс күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана әкімдігі

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. 

Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, табиғи шырындар, тосап, джем және тағы басқа тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады.
Іс-шара 21 және 22 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.

Айта кетейік, қалада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23-үй мекенжайында (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешенінің қарсысында) тұрақты түрде жұмыс істейді. Ол күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін ашық.

Жәрмеңке маңынан №2, 32, 49, 50, 73 автобус бағыттары өтеді. 

Бұған дейін Астанада Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар