Елордада ер адам үстіне бензин құйып, өз-өзін өртемек болған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері 30 жастағы жігітті райынан қайтарып, оқыс жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Бүгін сағат 16.30-дар шамасында «102» нөміріне Қабанбай батыр көшесінің бойындағы кеңселік ғимаратта белгісіз ер адамның үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртегісі келетіні жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері жігітті райынан қайтарып, оқыс жағдайдың алдын алды», - деп хабарлайды Полиция департаментінен.

Медициналық куәландыру көрсеткендей, ер адам оқиға кезінде мас болған. Аталған факт бойынша 30 жастағы қала тұрғынының үстінен ӘҚБжК-ның 440-бабы (қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішу немесе мас болып келу) және 434-ші бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылғаны хабарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар