Елордада ер адамның мүрдесі табылды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазір мерт болған жанның жеке басы анықталып жатыр. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Елордада ер адамның мүрдесі табылды
Фото: polisia.kz

«102» арнасына жергілікті учаскелердің бірінің маңында ер адамның мүрдесі туралы хабарлама түскен.

— Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері белгісіз ер адамның мәйітін тапты. Қазір марқұмның жеке басын анықтауға және оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, елордада жыл басынан бері осымен екінші адам мүрдесі табылып отыр. Қаңтарда астаналық полицейлер адамның өлі денесін тапқан еді

Одан бөлек, былтыр күзде елордада жасөспірімнің мүрдесі табылды. Кейін белгілі болғандай, жасөспірім мектеп оқушысы болып шықты

Соңғы жаңалықтар