Елордада «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл және жазба ескерткіштері» атты халықаралық ғылыми конференция өтуде

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері аясында Қимақ мемлекетінің 1100 жылдығына арналған «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл және жазба ескерткіштері» атты халықаралық ғылыми конференция өтуде.
None
None

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі бұл шараға ҚР Парламенті депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, еліміздегі және шет елдердегі танымал ғалымдар, баспасөз өкілдері, оқытушылардан құралған 600-ге жуық адам қатысуда.

«Бүгінде қыпшақтану деп аталатын түркология ғылымының басты саласы әрісі Еуропа мен Азия халықтарының тарихы мен мәдениетіне үлкен ықпал еткен, сонымен қатар жалпытүркілік, берісі қыпшақ тілдес халықтардың тарихы мен материалдық мәдениетін, тілі мен әдебиетін, болмысы мен бітімін зерттейтін ілімге айналып отыр. Бұл салада отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері мен атқарған жұмыстары үлкен. Дегенмен де, ғылым мен білімнің шарықтап дамыған мына дәуірінде қыпшақтанудың өзекті мәселелерін зерделеп, ортақ ғылыми байлам жасайтын кез келді»,- деді алқалы жиынның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген аталған университеттің ректоры Ерлан Сыдықов.

Университет ректорының пайымынша, бүгінгі өтіп отырған қыпшақтану конференциясы өзімізді тануға да, өзімізді танытуға да, түркі халықтарының өзара бір-бірімен мәдени-рухани тұрғыдан жақындаса түсуіне де, жалпы алғанда халықаралық Еуразиялық интеграциялық үдерістерге игі ықпалы болатыны сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар